Шумақтар
Шумақтар
 
Міне отырмын өлеңді ермекке алып,
Ермекке алып жағдайды кермекке алып.
 Қаншама ойланып  біршама толғансам да,
 Болмайды екен өздігінен бұл шалалық.
 
 Неге деймін бірімізді көтермейміз,
 Көтерсек те әйтеуір бір бөтендейміз.
 Жақсылық жасап алып алдыменен,
 Артынан соң қарсылық тілегейміз.
 
 Бұл һайат бізді көрлетіп-ақ жүр,
 Артынан еріп әлекпіз дүние мол.
 Ал дипломды, шеннен оңдырмай ал
 Артымыз не болар екен, әңгіме сол!
 
 Соқырмыз көрмейміз таудың арғы жағын,
 Не бар екен үйренсең ашылар сағың.
 Қаншама ағамыз дұрыс жолды көрсетсе де,
 Өзімізше бағамыз мал түкеніп шағың.
 
 Әттең-ай білсек-ақ екен істің мәнін,
 Көрсек екен бұл жалғанның шындық тәнін,
 Отыра қалып бас ұрып ойланумен
 Салар едік ырғақпенен уақыт әнін.
 
 Қашан ғана қоямыз надандықты,
 Ойланайықшы еске алып адамдықты.
 Иманыңды ең алдымен бір нығайтсаң,
 Намаз бенен оразаң бола ма ауыр жүкті?
 
 Алданбайық неше түрлі ойындарға,
 Бұл сөздер, бәлкім, ауыр келер ұзын мойындарға.
 Ертеңін ойлап, елім деген жүрекпенен,
 Бұл сөздер болаттар мен шойындарға!
 
  
 
 
 
                                                                 
Aydar64Aydar64
2 года назад 576
0 комментариев